Сайт туралы

Сайт құрастырушылары

Асқарова Гауһар Сарыбайқызы. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қауымдастырылған профессоры м.а., филология ғылымының кандидаты

Тоқшылықова Гүлназ Базарбайқызы. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің аға оқытушысы, шетел филологиясы ғылымдарының магистрі.

Тамаев Алпысбай. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, педагогика ғылымдарының кандидаты

Серік Асылбекұлы. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, филология ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері.

Каримова Гүлмира Сарсемханқызы. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қауымдастырылған профессоры м.а., PhD доктор

Қалибекұлы Толқын. Филология ғылымдарының кандидаты, профессор. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті Шығыс тілдері аударма кафедрасының профессоры. ҚР Білім және Ғылым министрлігінің “ЖОО үздік оқытушысы ‒ 2015” грантының иегері.

Абдул Рахманұлы Абдулкәрім. Сулейман Демирел Университеті, Қашықтан оқыту бөлімі меңгерушісі. Гуманитарлық ғылымдар магистрі. Манчестер университеті.

Казтаева Айымжан Қанатқызы. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, «Әдебиеттану» мамандығының магистранты.

Сайт мақсаты

САЙТ ҚР ҒжЖБМ Ғылым комитетінің АР № 14872341
«Қазақ көшпелілерінің өміріндегі жылқының рөлі және оның ұлттық әдебиеттегі көркем репрезентациялануы» гранттық жобасы аясында дайындалған.


Сайттың мақсаты – qazanat.kz платформасын құру арқылы қазақ ұлтының өмірінде маңызды орны бар жылқы жануарына қатысты әдебиет пен өнерде көрініс тапқан үздік үлгілерінің электронды базасын жасау.

Сайттың міндеттері:

  • Жылқыға қатысты ұлттық паремиологиялық қорының электронды ресурсын әзірлеу
  • Жылқыға қатысты этномәдени атаулардың электронды базасын әзірлеу
  • Жылқы туралы фольклорлық мұраларды жинақтау
  • Жылқы туралы поэзиялық, прозалық туындылардың электронды ресурсын жүйелеу
  • Жылқы жайындағы ғылыми еңбектер топтамасын әзірлеу
  • Жылқының өнердегі (кино, мүсін, сурет, музыка т.б.) бейнесін қамтитын туындыларды іріктеу
  • Жылқыға қатысты иллюстративті, бейнеиллюстративті және танымдық ақпаратты IT платформада әзірлеу