Жылқы туралы мақал-мәтелдер

Ат -адамның қанаты, Ақыл — ойдың санаты.

Ат адасса жерін табар, Ер адасса елін табар.

Ат ажары — жалында, Ер ажары — жанында.

Ат айналып иесін табар, Сөз айналып жүйесін табар.

Ат арығы — иесінен, Құлын арығы — биесінен.

Ат арынды болса, Жігіт жалында болады.

Ат аяғынан семірер, Адам құлағынан семірер.

Ат басына күн туса, Ауыздығымен су ішер.

Ер басына күн туса, Етігімен су кешер.

Ат болар құлынның Бауыры жазық келеді.

Ат жаманы жолда қалдырар, Жолдас жаманы қолда қалдырар.

Ат жүйрігін түлкі сүймес.

Ат жығылмай, Жер танымайды.

Ер сүрінбей, Ел танымайды.

Ат өлсе, итке той, Ет кірлесе, битке той.

Ат өнерін бәйге сынар, Ер өнерін шайқас сынар.

Жылқы — берен, Жылқы баққан — еренерен.

Жылқы — малдың патшасы, Жонға салсаң жүйрік, Жолға салсаң жорға.

Жылқы азайса, көкшолақ қалады, Ет азайса, құйымшақ қалады.

Жылқы алсаң көріп ал, Бақайы жуан торыны ал.

Жылқы анасы — бестен, Қой анасы — оннан.

Жылқы бақсаң, құрығыңды сайла.

Егін ексең, ұрығыңды сайла.

Жылқы жақын жүрсе, тістеседі, Алыс жүрсе, кісінеседі.

Жылқы жаманы — шегіншек, Жігіт жаманы — еріншек.

Жылқы қияға тартады, Сиыр жыраға тартады.

Жылқы сауырынан, Сиыр бауырынан азады.

Жылқы тебінге тартады, Ер тегіне тартады.

Жылқыға бақ бітерде, Үйірін жауға бермес айғыр бітеді.

Адамға бақ бітерде, Алдына қара салмас жылқы бітеді.

Жылқыда да жылқы бар, Қазанаты бір бөлек.

Жігітте де жігіт бар, Азаматы бір бөлек.

Жылқыны мініс бұзады, Берекені сыбыс бұзады.

Жылқының жолдасы теңейді.