Сабылған жылқы — ақ көбігі ауызынан бұрқырай ағатын, шапқанда ентігіп қалатын жылқыны айтады. Дүлділ тұлпар мағынасында қолданылады.
Жүрісті жылқы — аяғын жылдам алып, ширақ басатын жүрісті жылқыны айтады.
Қызба (желік) — дауыс шықса, алып ұшатын жылқы.
Соқтыққан жылқы — аурудан немесе жеккіден, міністен әбден болдырған жылқы.
Тұлпар — жүйрік, қашса, құтылып, қуса, жететін асқан жүйрік, әрі жүрісті жылқы.
Желжетпес (оқ) жылқы — тұлпардың ішіндегі ең жүйрігі.
Сәйгүлік — бәйгенің алдын бермейтін жүйрік жылқы. Алдына ат түссе, осқырынып, қызғанатын мінезі болады.
Ерарқа — шоқтығы биік, арқасы ой келген жылқы.
Сиырқұйымшақ жылқы — құйрықтың қыл түбіне дейін жоны түп-түзу, арқасы кең жылқы.