- Ақжол сары — жылқының бүкіл денесі ақшыл, сары. ал құйрығы мен жалы — сары немесе ақ түсті.
- Ала — денесі, жалы, құйрығы мен аяғының едәуір бөлігін қоса ала-ала болып келеді.
- Боз — қартая келе, түгі ағарудан барып жылқы бозғылт тартады. Туылғанда жирен, торы, қара болады.
- Бурыл — жалпы денесінің түгі қара, торы, жирен т.б. түстес болып денесінің жалы мен құйрығының едәуір жері ақ болады.
- Жирен — денесі, жалы, өқйрығы мен аяқтары жирен түсті. Боз, қоңыр және қызыл жирен деп бөлінеді.
- Қара — бүкіл денесі, жалы, құйрығы мен аяқтары — қара.
- Қарагер — қара түсті жылқыдан айырмасы: қарагердің танауы мен көзінің айналасы қара қошқыл болып келеді.
- Қара күрең — денесі, жалы, құйрығы мен аяқтары қарв күрең. Әдетте, жалы мен құйрығы қара қошқыл болып келеді.
- Құла — құла сұр жылқыдан айырмасы: құла жылқының төменгі жағы қара емес, теңбіл-теңбіл.
- Құласұр — басы мен денесі сарғылт, тпырақ түстес қызғылтым, ал жалы, құйрығы мен аяқтары — қара.
- Сұр — денесі сұр түсті, басы, жалы, құйрығы мен аяғының төменгі жағы қара.
- Торы — басы мен денесі құбылып тұратын қызыл қоңыр, жалы, құйрығы мен аяқтары қара.
- Шабдар — денесі, аяқтары күрең, ал жалы мен құрығы сұрғылт.
- Шұбар — денесінің өн бойында қара немесе қара күрең теңбілдер болады.