Алыстан қара, шаң көрсе, Тұлпар шабар тігіліп. Ел шетіне жау келсе, Ерлер шығар түрініп. ***** Мінген атың арыса, Көз көрім жер мұң болар. Қара көзден нұр тайса, Бір көруің зар болар. ***** Алыстан қара көрінсе, Арғымақ шабар тігіліп. Алыстан жанжал сөз келсе, Азулы сөйлер жүгініп. Жал, құйрығы қаба деп, Жабыдан айғыр салмаңыз! Қалын малы арзан деп, Жаман қатын алмаңыз! Жабыдан айғыр салсаңыз, Жауға мінер ат болмас. Жаман қатын алсаңыз, Топқа кірер ұл тумас. ***** Бұқар жырау Жүйрік жарау атта бар, Бәйгені жылда қоймаған. Қиыла қарап жымиған, Бұралған бикеш тағы бар, ***** Күлдір - күлдір кісінетіп, Күреңді мінген жиырма бес, Күрек тісін қасқайтып, Сұлуды құшқан жиырма бес. ***** Қара арғымақ арыса, Қарға адым жер мұң болар. Есіл көзден нұр тайса, Бір көруге зар болар. Бетпақты сайға су түссе, Атың арып келгенде Өткел бермес кешерге. Қайырсыз итке мал бітсе, Аңқаң құрып келгенде Саумал бермес ішерге. Жаман болса алғаның, Һәммәтлі туған есіл ер, Киім тіксе ол қатын, Жалғасы кетер көнтиіп, Етегі кетер салпиып, Үлгі болмас пішерге. ***** Арғымағын жоғалтып, Тай жүгірткен заман -ай. Азаматың құлапты, Жұрт талық болған заман - ай. Арғымақтың жалы жоқ, Жабылар жалымен теңелер. Жақсылардың малы жоқ, Жамандар малымен теңелер. Арғымақ жалсыз, ер малсыз, Атақ дәреже, жерұйық, береке, Бұқар жырау Ай, айтамын, айтамын, Мінген атың айтамын… …От орнындай тұяқтым, Қиғаш қамыс құлақтым, Саптыаяқтай еріндім, Сарымсақтай азулым, Сауырысын кере жараған, Кекілін қыздай тараған, Тостаған көзді торыны… …Кең Абылай, кең Ием! Шұбарағаш, құба жон, Мекен еткен шөлді, Ием! Телі менен тентегің Иіліп алдыңа келді, Ием!