Ақтамберді жырау. Жыраулар поэзиясындағы жылқыға қатысты үзінділер

Салпаң да салпаң жортармын,

Сары азбанға қосымды артармын.

Торлаусыз өскен құланмын,

Мезгілсіз жусап өрермін.

Ерліктің, батырлықтың сипаты

*****

Күлдiр де күлдiр кiсiнетiп,

Күреңдi мiнер ме екенбіз,

Күдерiден бау тағып,

Ақ кiреуке киер ме екенбіз!

Ностальгия,

Ерліктің, батырлықтың сипаты

****

Түйе мойнын тұз кесер,

Жігіт мойнын қыз кесер,

Сартылдаған сары аяз,

Жылқының мойнын мұз кесер.