Жиембет жырау. Жыраулар поэзиясындағы жылқыға қатысты үзінділер

Әй, қыңыр ер, қыңыр ер
Қыңырайма, біздің ер.
Қыналы бозға мінген ер
Қыз қалмақты құшқан ер
Хан жалғыз да, біз үшеу
Қыңырайма, шіркін, бері кел!
Ерліктің, батырлықтың сипаты

*****

Бас кессе де басылмай,
Ақ ісімді жасырмай,
Атқа мінген ер едік,
Қашырды бүйтіп елімнен
Күйеуден безген қатындай.
Ностальгия, жерұйық, береке, 
Ерліктің, батырлықтың сипаты

*****

Өрлігімді сұрасаң,
Жылқыдағы асау тайыңдай.
Зорлығымды сұрасаң,
Бекіре менен жайындай.
Беріктігімді сұрасаң,
Ерліктің, батырлықтың сипаты