Шалкиіз Тіленшіұлы. Жыраулар поэзиясындағы жылқыға қатысты үзінділер

Күдеріден бау тағып,
Кіреуке киер күн қайда?!
Күмбір, күмбір кісінетіп,
Күренді мінер күн қайда?!...
Еділдің бойын ен жайлап,
Шалғынға бие біз байлап,
Орындықтай қара сабадан
Бозбаламен күліп-ойнап,
Қымыз ішер күн қайда?!
Ностальгия, жерұйық, береке, 
Ерліктің, батырлықтың сипаты

*****

Жебелей жебе жүгірген
Ерлердің арғымақтан игі малы болар ма;
Жағаласса, жыртылмас,
Ерлердің жеңсізден игі тоны болар ма;
Ерліктің, батырлықтың сипаты
Атақ дәреже, жерұйық, береке, 
Шалкиіз Тіленшіұлы
Арғымақ ару атлар сескенсе,
Ақ тігердің қарсы алдында жусар ма?
Ойда қазақ көп жортса,
Беллерін күміспенен құрсар ма?
Ерліктің, батырлықтың сипаты
Шалкиіз Тіленшіұлы
Күйбеңдескен көп жаман
Құлағын салып тұрар ол.
Ақ ала таудың алдында
Ақ ала жылқы жусайды.
Айналдырып қарасам,
Сол жылқының ішінде
Ат тапқандай бие жоқ.
Жолың да болсын, ау, ием,
Сен де кетіп барасың.
Ностальгия, жерұйық, береке, 
Ерліктің, батырлықтың сипаты

*****

Алаштан байтақ озбаса,
Арабыдан атты сайлап мінбен-ді!
Күлікке тастай болып тимесе,
Үстіме көбе сайлап кимен-ді!
Күмістен екі қолтық жоқ болса,
Сыпайшылық сүрмен-ді!
Алғаным ару болмаса,
Алдыма алып сүймен-ді!
Дулығамның төбесі
Туған айдай болмаса,
Батыршылық сүрмен-ді!!
Ерліктің, батырлықтың сипаты
Шалкиіз Тіленшіұлы
Алп, алп басқан, алп басқан
Арабы торым өзіңсің,
Жазылы, алтын, қол кескен
Алдаспаным өзіңсің!
Ерліктің, батырлықтың сипаты