Арғымақтар. Олжас Сүлейменов

Арғымақтар


Дала қандай! 
Даладағы ат қандай! 
Нөсер шөпке белшесінен батқандай. 
Құйғытсам бір, 
Дала, қала 
Болады-ау 
көз алдымда аунап бара жатқандай! 

От тілгендей 
Асау қанға, 
Етіңе, 
Арғымағым. 
Шығып желдің өтіне, 
Шабуылдап 
Құрыш-болат тұяқпен 
Пергілеші 
Жалпақ жолдың бетінде!


Арғымақтар


Қыпшақтардың ой-хой құба жондары-ай,
Жер тарпыған тұлпарын айт, тұлпарын!
Шарайнадай сауырына қомдап ай,
Арғымақ жүр
Көк шалғынға-көк кілемге
Сүртіп мүйіз ұлтанын.
Берші менің тақымыма біреуін,
Жеті қиян жер түбіне асайын.
Арғымақтай аласұрған жүрегім
Оны қалай басамын.
Атылайын арғымақтың жалына,
Соңымда тек сақ-сақ күліп дос қалсын.
Балғын шалғын айналып көк жалынға
Нөкер болып артымда ақ шаң топтансын.
Шаппай тұлпар кісінеме атпын деп,
Шабайықшы шаң қондырмай етіне.
Шабайықшы көп жыл тыныш жаттың деп.
Момын қырдың былш-былш ұрып бетіне.