Мініп жүріп тірліктің қызыл атын. Қадыр Мырза Әли

Мініп жүріп тірліктің қызыл атын,
Кез болады желігіп,
Қызынатын.
Қинайтын да осы өмір,
Қимайтын да,
Ал өлімнің несі бар қызығатын?!
Айтып жүріп тірліктің қызыл әнін,
Алаулаймын,
Асаудай қызынамын.
Түк жетпесін білемін тірі кезге