Беу, кербесті еді көргенім, Ерен де өрен бip жүйрік. Өлкемнің өpiн, Белдерін — Ылди ғып шапқан қылқұйрық. Күдері жалы төгілген, Орлардан орғып қарғыған. Бәйгеге түссе көрінген — Аламандардың алдынан. Жараса бүгін бауырынан, Бақ шабар, Кейде бап шабар. Kүміс тер саулап сауырынан Кекілін тарап ақ самал. Кербестідейін көңілдер, Болады кейде құсалы. Шаң-тозаңдарын жел үрлер Кекілінде ме нысаны?.. ...Егіліп құмдай... Жыладым, Тас болып қайта бекідім. Ақан cepi боп сыладым Кербесті жырдың, кекілін.