Ал, құрбым, көлік дайын, жүр кетелік, Жолдардан бізді күткен бірге өтелік. Алатауым — ақ отау мың сан қонған, Көгілдір сағым биік тұр көтеріп. Ән-күйдің, төгілдірген жырдың селін, Көргенше біз асықпыз Сырдың елін. Ағайын, дос-жарандар арасына, Жеткенше алып-ұшып тұр жүрегім. Зымыралық ақ құспен асулардан, Кеудемде бұлақтайын тасулы арман. Туған ел алақанда аяласа, Көңілге келсін титтей жасу қайдан. Туған дала тыныстар қолтығы кең, Кеудеме мол сағыныш толтырып ең. Құм – белдердің жарысып құйынымен, Тербелейік Сыр ерке толқынымен. Құшағын Сыр дал асы жайды бүгін, Шалқиық шалқарында байлығының. Кетейік көк белесте көсілтіп бір, О, жігіттер, қайда әлгі сәйгүлігің.