(жолаушы хаттан бiр үзiк) ...Көкпектiм менiң, Көкпектiм менiң, Көлбеп бiр кеткен сiлемiң. Көгiлдiр құсты жекпек те едiм, Көгiме қарап түледiм. Сабырды сарқып, тағы мұнартып, Сарауыз ұлың сарсаңда. Сар желiп жүрген шағым бiр артық, Сағымды малтып барсам ба? Бесiн бе мынау – күн өрлеп көкке, Бiтпей де қалды бiр iсiм. Бестiдей болды-ау шiдерлеп кеткен Бүгежек мына жүрiсiм. Қара Ертiстiң қабағындай-ақ, Қаланың асқақ үйлерi. Қарсы алар кейде қарағым-айлап, Қараша тамның сирегi. Жоқ қарап жүрген жандай боламын, Жоғалтып сенiң исiңдi. Жолаушы хатқа қанбай қаламын, Жоғалған шолақ күй сынды. Көкпектiм менiң, Көкпектiм менiң, Көлбеп бiр кеткен сiлемiң, Күңсiген күнде жетпек те едiм, Керек-ау әттең бiр емiң. Көкпек, жусаның iргеңдi құрсап, Кесiртке қашқан, е, беткей. Күнгейдiң желi, жүргелi тұрсаң, Көкем-ау, апар жетектей! Кекiр күн күлер (қиямет-қайым)... Кеудемдi тұрмын желдеткiм. Керуен құстан сәлем айтайын Кейiпкерiндей ертектiң. Бетегең қайда? – Қасымда тұрса, Бөтен көк менi «тұр атып». ...Бөздей боп оңған жасылдау шырша, Бiрдеңе дешi жұбатып...