Мағжан Жұмабаев. Шалдың үміті

-Ерттеп мінсем бір жүйрік ұшқыр атты,
Шапсам, ұшсам сұңқардай құстан қатты,
Жалпақ дала, кең теңіз бәрін өтіп,
Қуып жетіп, қайтарсам жастық шақты.
Қажу бар ма тұлпарға,
Талу бар ма сұңқарға,
Иман күштi оларда,
Мен жастарға сенемiн!...
Желе бер, жаным Қаракөк,
Желкілде желмен, айдарым.
Қазам жетсе майданда,
Басымда найзам - сайғағым.
Қайратты, қайтпас жан досым -
Ерлігіме айғағым.
Желе бер, жаным Қаракөк,
Селкілде желмен, айдарым!