Құйрық-жалы әдемі төрт тұяғы балғадай ақбоз атым бар еді - әй, жалған-ай, жалған-ай. Қарғығанда жырадан кетті айналып ұршығы-ай. Мен де оңбай құлағам әй, қырсық-ай, қырсық-ай. Ер жығылды. Бір сайда бөрік қалды домалап. Ауырсындым ырсаңдап... өй, обал-ақ, обал-ақ. Бөркім - әнтек ұшты деп шағына алман басқаға-ай, бірақ бұдан күштірек бір масқара... масқара-ай. ...Көрдім кеше боз атты - жазылыпты. Тұр билеп, өлеңі боп қазақтың кісінеді күмбірлеп. Сәл қисайған жалы бар, сәл жүдеген халі бар. Әй, жануар, жануар, әй, жануар, жануар.