Жұмекен Нәжімеденов. Мойнына арқан түсіп, күш батпаған…

Мойнына арқан түсіп, күш батпаған,
көнбеген жаз – кермеге, қыс – қақпаға,
бір асау әлі қашып жүрген сын-ды,
құрыққа сол күндері ұстатпаған.
Айдаудан, арыздардан, қамалғаннан,
қырсыққа қырсық үстеп жамалғаннан,
бір «бұзық» әлі бағып жүрген сын-ды
сол күндер абақтыдан аман қалған.
Қусаң да бұғалықпен, құрықпенен,
әккі ұры, әккі асаудай бұғып төмен,
бір өлең әлі ұстатпай жүрген сынды Абайдың да қаламына ілікпеген.