Арғымаққа жақын тұрар ақындар. Атың болса - жырағың да жақындар. Басқаларша Жүйрігіне заманның Мінем десем, Менің де, дос, қақым бар. Бірақ, бірақ Жүрек аман, Ми аман. Өткен күнді қалай ұмытам, Қия алам?! Еске түсіп мәстек мінген күндерім, Машинаға отыруға ұяла!