«Қазақ көшпелілерінің өміріндегі жылқының рөлі және оның ұлттық әдебиеттегі көркем репрезентациялануы»


Жылқының адалдығы

«Ата-бабаларымыз төрт түліктің ішінде жылқы малын ерекше қадір тұтқан. Өйткені, қазақ жылқымен қатар өскен халық. Тарихқа үңілсек, әріде  Қобыландыңың Тайбурылы, Алпамыс батырдың Байшұбары, беріде Ақан серінің Құлагері секілді айтулы жүйріктерді білеміз. Осының барлығы қазақтың жылқыға деген ерекше құрметін аңғартса керек. Жылқының иесіне деген адалдығы мен тектілігіне қарап халқымыз «Жылқы — малдың патшасы» деп ерекше құрметтеген

Амангелді Смағұлов


Жылқының киесі

«Жауға мінсем – айбарым,
Тойға мінсем – жайнағым,
Төбемдегі – байрағым,
Жанымдағы серігім,
Талыс танау көрігім,
Асылың хайуан демесең –
Малдан бөлек келімің.»

«Көкмойнақтың үйірі»


Жылқының тектілігі

«Жалпы, қазақ жылқысы бірнеше тұқымға бөлінеді. Еліміздің жер көлемі барынша үлкен болуына қарай жылқының да сан алуан тұқымы болған. Бірақ осы айтып отырған бірнеше аймаққа ортақ бір жылқы түрі бар. Ол – жабы жылқысы. Қазақ даласындағы жабы жылқыны дүниежүзіндегі жылқылардың анасы деуге болады.»

Ахмет Тоқтабай

«Біздің асыл дүниеміз бір ғана жылқымыз, ләззат алатын асымыз – ет, сүйетін шәрбатымыз – қымыз, қызық көретініміз – өрістегі жылқымыз»

Мұхаммед Хайдар Дулати